https://www.high-endrolex.com/7

https://www.high-endrolex.com/7

amh.kz - amh.kz
Қостанайда алғашқы "Кировец" тракторлары мен "ESSIL" комбайны Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша берілді

Қостанайда алғашқы "Кировец" тракторлары мен "ESSIL" комбайны Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша берілді

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің техникалық паркін жаңарту мақсатында мемлекет әзірлеген Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасының алғашқы қатысушылары Қостанай облысының шаруалары болды. «АгромашХолдинг KZ» базасында екі «Кировец» тракторы және ESSIL комбайны салтанатты түрде табыс етілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай филиалының директоры Әлібек Қарайдаровтың айтуынша, Жеңілдетілген лизинг бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның барлық филиалдарында басталды.

- Бүгінгі таңда Қазақстанның 11 өңірінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 14,6 млрд теңгеге 187-ден астам өтінім келіп түскен.   Жеңілдетілген лизинг бағдарламасымен алғашқы өтінім бойынша рәсімделген техника "ҚазАгроҚаржы" АҚ-на 3 бірлік көлемінде бүгін 2022 жылғы 17 тамызда берілді. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген  лизингке беру бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде 30 млрд теңге "Өнеркәсіпті дамыту қоры" "Жасыл Даму" (ӨКМ Операторы) қаражатынан және 10 млрд теңге "ҚазАгроҚаржы" капитал нарықтарынан тартады. Бұл қаражат тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке жеңілдікті шарттармен одан әрі қаржыландыру үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ-н қорландыруға бағытталатын болады, - деп атап өтті Әлібек Қарайдаров.

Алайда, Бағдарламаның жұмысын қостанайлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сынақтан өткізіп үлгерді. "АгромашХолдинг KZ" АҚ-ның ESSIL-750 астық жинайтын комбайны кәсіпорын қабырғасында «Утемисова Г. Н.» шаруа қожалығына салтанатты түрде берілді.

- Біз бұл бағдарламаға өте қуаныштымыз, тиімді шарттар бойынша отандық өндіріс техникасын, атап айтқанда ESSIL-750 комбайнын сатып алдық. Техниканы уақытында алдық, әрине бұл өте қуантады, өйткені 2-3 күннен кейін егін жинауға шығамыз, - деп бөлісті «Утемисова Г.Н.» шаруа қожалығының басшысы Олжас Өтемісов.  

Айта кету керек, Бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бағытталған. «Утемисова Г.Н.» ШҚ егіс алаңы шамамен 700 га құрайды.

- Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы паркін жаңарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Шарттары өте тиімді. "АгромашХолдинг KZ" АҚ және "Қостанай трактор зауыты" ЖШС зауыттары бойынша Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында іске асыруға дайын техниканың бар екенін сенімді түрде айта аламыз. Бұл ESSIL комбайндары, сондай - ақ LOVOL және КИРОВЕЦ тракторлары, - деп түйіндеді "Агромашхолдинг KZ" АҚ коммерциялық директоры Николай Пархоменко.

Арқалық қаласының «Көктем» және Сарыкөл ауданындағы «Майбасова Зарина Магомедовна» шаруа қожалықтары Жеңілдетілген бағдарлама бойынша «КИРОВЕЦ» тракторларының екі бақытты иесі болды.

- Мен машина-трактор паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту стратегиясын жалғастырамын, біздің арсеналда екі ESSIL-740 комбайны бар, бүгін Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша "Қостанай трактор зауыты" ЖШС өндірген Кировец К-735 тракторы жылдық 6% - бен ресімделді. Жақында қосымша 1500 га жер алдық, осы алаңды өңдеуге дәл Кировец бізге көмектеседі, - деп бөлісті "Көктем" ШҚ басшысы Сұлтанбек Сейітов.

Бағдарламаны іске асыру үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы  техникасын өндірушілер 1500-ден астам тракторлар мен комбайндар дайындады, бұл жаңа өнімді техникаға қазіргі қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның тиімді шарттары (сыйақы мөлшерлемесі 6%, аванстық төлемсіз, лизинг мерзімі 10 жылға дейін және негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең) шаруаларға айналым қаражатын босатуға және егін жинау науқаны кезінде шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін, 20 жылға есептелген Бағдарлама бойынша одан әрі қаржыландыру револьверлік негізде жүргізілетін болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түскен төлемдер жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберілетін болады.


© 2024 АО «АгромашХолдинг KZ».
  • 5310
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.